Жаңа сатып алушы болу

METRO клиент картасын алу

Жиі қойылатын сұрақтар

Айтыңызшы, МЕТРО-ға карточкалық жүйе не үшін керек?
Клиент картасын ресімдеу кезінде жеке байланыс деректері мен тұратын мекен-жайды не үшін ұсыну қажет?
Неліктен МЕТРО жеңілдіктер жасамайды, неге жинақтау жүйесі жоқ?
Неліктен Сіздерде пакеттер ақылы?
Тауарды сатып алу үшін алдымен тапсырысты ресімдеп, клиенттердің кіреберісінде шот-фактураны алу қажет, неліктен деректемелерді тікелей кассада жай ғана ұсынбасқа? 
МЕТРО клиентінің бастапқы жарнасы қанша соманы құрайды?
МЕТРО-да сапа бақылауы бар ма?
МЕТРО дүкендерінде қандай тауар топтары ұсынылған?
МЕТРО баға бойынша артықшылық бере ме?
МЕТРО қандай есеп айырысу түрлерін ұсынады?
Қазақстандағы МЕТРО-ның жұмыс уақытын білуге болады ма? 
Маған МЕТРО поштасы келмейді, оның себебі неде болуы мүмкін?
МЕТРО Клиент картасы қай жерде қолданылады?  
Мен үлкен сомаға тауарға тапсырыс берсем, тегін жеткізуге сене аламын ба?
Сатып алынған тауарды қайтаруға бола ма?


Айтыңызшы, МЕТРО-ға карточкалық жүйе не үшін керек?

Клиент картасы МЕТРО үшін клиентті бірегей сәйкестендіргіш болып табылады. Оның арқасында клиенттер түрлі акциялармен мақсатты арнайы ұсыныстарға қатыса алады. Карта мүлде тегін беріледі және ол бізге арнайы баға ұсынымдарын тікелей ұсыну арқылы түрлі тауар топтарын түрлі клиент топтарына бағыттау мүмкіндігін береді. Мұны жүзеге асыру үшін бізге клиенттің байланыс деректері қажет, атап айтқанда: СМС тарату үшін ұялытелефон нөмірі, МЕТРО-ның жүйелі каталогтарын жеткізу үшін мекен-жайы, асажылдам хабарласу  арнайы ұсыныстарын жіберу үшін электрондық мекен-жайы. Клиенттер үшін пайдалы және қызықты болуымыз үшін біз олардың кім екенін білуіміз керек. Онсыз МСС Қазақстан түрлі клиенттер санаттарының сатып алушылық мінезінің өзгеруіне барынша жылдам жауап қайтаруға және мысалы, ХоРеКа сегментінің (Қонақ үйлер, Мейрамханалар, Кейтеринг) клиенттері үшін өнім түрлері мен баға ұсынымдарын жедел түрде бейімдей алатын күйде бола алмайды. Өзінің желілері орналасқан барлық елдерде МЕТРО В2В (бизнес үшін бизнес) бойынша барынша тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін клиент карталарымен жұмыс істейді.

Клиент картасын ресімдеу кезінде жеке байланыс деректері мен тұратын мекен-жайды не үшін ұсыну қажет?

Бұл клиенттерді акциялық ұсыныстар, жеңілдіктер бағдарламалары жайлы хабардар ету үшін қажет. Сонымен қатар МЕТРО әр клиент үшін барынша тиімді,  оның тілектері мен талаптарына сайкелетін ұсыныс жасауға ұмтылады – және де бұл негізгі клиенттермен өзара қызметтестік жөніндегі бөлімнің жұмысы. МЕТРО клиенттердің байланыс және жеке ақпаратының құпиялылығына кепіл береді.

Неліктен МЕТРО жеңілдіктер жасамайды, неге жинақтау жүйесі жоқ?

МЕТРО баға саясатының негізі – тауарларды ықтимал ең төмен үстеме бағамен ұсыну. Сондай-ақ, компания кәсіпқой сатып алушыларға түрлі ниеттестік бағдарламалары мен бонустар ұсынады.

Неліктен Сіздерде пакеттер ақылы?

Оның бірқатар себептері бар. Біріншіден, МЕТРО-дағы пакеттер тегін пакеттермен салыстырғанда әлдеқайда сапалы. Екіншіден, біз тегін пакеттердің бағасын тауар құнына қосқымыз келмейді, бұл тегін пакеттер ұсынғанда сөзсіз болатын жағдай. Үшіншіден, егер көктем кезінде кез келген қаланың сыртына шығып, айналасында, ен жерде, жолдың шетінде және тіпті жай көшелерде нежатқанын байқап қараса – көп жағдайларда бұл қажет болсын, болмасын супермаркеттерден жиналып, шашылып жатқан сол тегін пакеттер. Пластик – табиғи жағдайларда іріп, бөлшектенбейтін материал. Қазіргіуақытта біз табиғи жағдайларда 2 жыл ішінде толық жойылуға қабілетті экологиялық пакеттерді сатуды бастадық. Көп жылдық жұмыс нәтижесі қоршағанортаға қатысты біздің талаптарымызды, сондай-ақ жаңа материалдан орындалған пакеттердің эстетикасы мен жүк көтергіштігіне қойылатын талаптарымызды    қанағаттандыра бастағанда, біз жаңапакеттерге қуана көшетін боламыз. Әзірше біз МЕТРО-ның бір клиенті болса да,оған тағы бір пакет нақты керек пе екендігін ойлап көрсе дейміз.

Тауарды сатып алу үшін алдымен тапсырысты ресімдеп, клиенттердің кіреберісінде шот-фактураны алу қажет, неліктен деректемелерді тікелей кассада жай ғана ұсынбасқа?

Мәселе мынада, кассада деректемелерді қолмен енгізуге болмайды, алқұжаттардың толық жиынтығын дайындау үшін қажет ақпараттың барлығын тек орталық деректер қоры береді. Сондықтан да клиенттер беретін ақпарат пен деректердің нақтылығы мен жеделділігі көп жағдайларда әр келген сайын  қызмет көрсетудің дұрыстығын қамтамасызетеді, оның үстіне компания деректемелерін әр кезде ұсыну қажеттілігінен арылтады.

МЕТРО клиентінің бастапқы жарнасы қанша соманы құрайды?

Ондай жарна жоқ, клиент картасын мүлдем тегін алуға болады

МЕТРО-да сапа бақылауы бар ма?

Әрине. МЕТРО компаниясы өндірушілерге өзіндік меншік әзірлемелерін ұсына отырып, оларға өз өнімдерін жақсартуға көмектесуге талпынады. Бір жағынан компания қызметі халықаралық стандарттарға бағынады және қажетті заң намалықталаптарға сәйкес болады. Сондай-ақ, әр кезеңде сапаны бақылауға аса көңілбөлінеді бұл жеткізілетін өнімнің тұрақты жоғары сапасын қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.

МЕТРО дүкендерінде қандай тауар топтары ұсынылған?

Біздің сатып алушыларға азық-түлік және азық-түліктік емес топтардың 22 000-ден астам атаулары ұсынылған.

МЕТРО баға бойынша артықшылық бере ме?

МЕТРО-ның басты артықшылығы - өндірушілер мен фермерлермен тікелей ынтымақтастық арқасында қалыптасатын төмен бағалар, бұл делдалдардың сансыз үстеме бағаларына жол бермейді. Сонымен қатар, бағалық артықшылық біздің клиенттерге төмен көтере сатып алу бағаларын ұсынуға мүмкіндік береді

МЕТРО қандай есеп айырысу түрлерін ұсынады?

Сіз қолма-қол ақшамен, қолма-қол ақшасыз есеп айырыса аласыз, сондай-ақ Visa және MasterCard карточкалары қабылданады.

Қазақстандағы МЕТРО-ның жұмыс уақытын білуге болады ма?

Сауда орталықтардың жұмыс уақытын "МЕТРО сауда орталықтары" бөлімінде білуге болады.

Маған МЕТРО поштасы келмейді, оның себебі неде болуы мүмкін?

Дұрыс мекен-жай көрсеткеніңізді тексеріңіз немесе оның ауысуы туралы «Клиенттер кіреберісі» бөліміне хабарлаңыз.

МЕТРО Клиент картасы қай жерде қолданылады?

Қазақстан аумағында және оның шегінен тыс жерлерде орналасқан барлық МЕТРО дүкендерінде. Сіз МЕТРО желісінің дүкендері бар дүние жүзінің кез келген бұрышында  қажет тауарларды әрдайым сатыпала аласыз.

Мен үлкен сомаға тауарға тапсырыс берсем, тегін жеткізуге сене аламын ба?

Иә, біз ірі көлемді тауарларды тегін жеткізуді жүзеге асырамыз. Толығырақ ақпаратты Сіз жеткізу менеджерімен хабарласып, ала аласыз:
Астана Тел. 8 7172 550711 (71019) (1062) Ұялы тел. : 8 701 972 74 15 (Жеткізу менеджері) 
Шымкент Тел. 8 (7252) 99 89 79 (ішкі 1394) (іш.1395) (іш.1388) Ұялы тел. : 8701 972 74 95  (Жеткізу менеджері)
Алматы Тел. 8 (727) 330 24 00 (іш. 1269 ; 1218; 1260; 1274) Ұялы тел. : 8701 972 74 65 (Жеткізу менеджері) Ұялы тел. : 8 701 972 74 66 (оператор) Ұялы тел. : 8 701972 74 68 (оператор)
Ақтөбе Тел. 8 (713) 259 46 70 (іш. 1970; 1907) Ұялы тел. : 8 701 972 7675 (Жеткізу менеджері)
Павлодар Тел. 8 (7182) 593717 (іш.1807; 1870) Ұялы тел. : 8 701 972 7664 (Жеткізу менеджері)
Қарағанды Тел. 8 (7212) 589350 (іш.1429; 1495) Ұялы тел. : 8 7019727642 (Жеткізу менеджері)
Өскемен Тел. 8 (723) 25610 10 (іш.2170) Ұялы  тел. :  8 7019727819 (Жеткізу менеджері)


Сатып алынған тауарды қайтаруға бола ма?

Тауарды қайтару ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңының баптарына сәйкес жүзеге асырылады, «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС осы заңға сәйкес, мыналарды: дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды; ішкиімді; шұлық-ұйық бұйымдарын; жануарлар мен өсімдіктерді қоспағанда, егертиісті сападағы азық-түлік емес тауар пайдалануда болмаса, оның тауарлық түрі,тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды иелену фактісін растайтын құжат, егер шартта бұдан да ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сақталса, оны айырбастап беруді немесе қайтарып алуды қамтамасыз етеді. Тұтынушы тауардан кемшіліктер тапқан және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС – оны дереу ауыстырады, ал тауар сапасын қосымша тексеру қажет болған кезде, тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстырады. «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС кепілді мерзімін белгілеген тауарға қатысты, «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС егер тауардағы кемшіліктер оларды тұтынушыға бергеннен кейін тұтынушының тауарды пайдалану немесе оны сақтау ережелерін бұзуы не үшінші бір тұлғалардың іс-әрекеті немесе еңсерілмейтін күштің салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, тұтынушының талаптарын қанағаттандырады. Кемшіліктері бар тауарды басқа маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстырған кезде, егер ауыстыруға жататын тауардың бағасы ауыстырылып берілген тауардың бағасынан төмен болса, тұтынушы баға айырмашылығын төлеуге тиіс. Тұтынушы қосымша ақы төлеуден бас тартқан жағдайда тұтынушыға сатып алынған тауарға төленген ақшалай сома қайтарылады. Сауда орталығында қайтаруды жүзеге асыру үшін, сатып алушы «Клиенттерге Қызмет көрсету орталығына» хабарласуы қажет.