Жаңа сатып алушы болу

METRO клиент картасын алу

Қазақстандағы METRO

Қазақстандағы METRO сауда орталықтары МЕТRO Group құрамына кіретін саудасаттық бөлімдердің бірі болып табылады. Ол сатып алушыларға алуан түрлі тауарлардың кең таңдауын біржерге жинап ұсынады. Бұл ұсынысымыз барлық топ тұтынушылары, оған қоса бизнес-сегменті мен ірі институциялық тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған.

METRO-ның Қазақстанда дамуы

METRO кеңсесі Қазақстанда 2008 жылдың 1 шілдесінде ашылып, сол жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Экономика және Сауда министрлігі мен METRO арасында ниеттестік туралы мәлімдемеге қол қойылған. Алғашқы дүкен Астанада 2009 жылдың соңына қарай ашылған. Компания әр дүкенге 20 миллионнан астам еуро қаржы салды. Қазіргі уақытта сауда дүкендерінің аумағы форматына қарай 5000-7000 ш.м, ал жалпы алғанда 9000-11000 ш.м жер алуда. Көлік тұрағы 250-350 орынға шамаланған.

METRO жабдықтаушылары

Бүгінгі күні METRO сауда орталығының тауар түрлері жергілікті және мемлекетаралық компаниялар дансатып алынатын алуан түрлі тауарлардан тұрады. Алайда кем дегенде 90% бөлігін қазақстандық (өзіміз шығаратын және компаниялармен импортталатын) тауарлар құрайды. Қазіргі уақытта басқа да жергілікті компаниялармен серіктестік жүйенің кеңейтуі туралы келіссөздер жүргізілуде.

Біздің сатып алушымыз - сіз

METRO сауда орталықтары жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар үшін жұмыс істейді. Сол себепті біздің есігіміз бәріне ашық.

METRO клиенті болып, келешекте тауарлар сатып алу үшін клиент картасын алу үшін мемлекет тіктіркеу құжаты мен Сіздің компания өкілі ретінде өкілеттігіңізді растайтын құжат көрсетілуі тиіс. Жеке тұлғалар тұлғаны растайтын кез келген құжатты көрсетуі тиіс. Сауда жасау процессі мен форматы, мейрамханаларға, қонақ үйлерге, кеңселерге және т.с.с түрлі мекемелерге барынша жайлылық қамтамасыз етуге арнап жасалған.