Жаңа сатып алушы болу

METRO клиент картасын алу

METRO тұжырымдамасы туралы

METRO компаниясы кәсіби сатып алушыларға, яғни заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, сонымен қатаржиі сауда жасауға бағытталған. Дүкендерде келесі тізбек бойынша өзіне өзіқызмет көрсету ұстанымы қолданылады: өз бетінше тауар таңдау, төлем жасау (қолма-қолақша және ақшасыз есеп айырысу), сатып алынған тауарды әкету (жеткізу қызметі көрсетіледі). Сатылымда әрқашан көтерме бағамен тағамдық және тағамдық еместауарлар бар.

Сіз жеке кәсіпкер, компания өкілі немесе заңдытұлға ретінде кәсіби сатып алушы немесе делдал болып табыласыз және біздің тауарларды сатып ала отырып, Сіз барлық іскерлік мұқтаждықтарыңызды қанағаттандырасыз. Біздің клиенттердің арасында:

  • HoReCa – қонақ үйлер, мейрамханалар, кафелер.
  • Бөлшек сауда орындары: жеке кәсіпкерлер, дүкендер, киоскілер және т.б.
  • Мемлекеттік қызмет көрсету және т.б. салалардағы компаниялар мен кеңселер.

Біздің тұжырымдамамыздың артықшылығы:

Бір жердекең әрі тұрақты тауар түрлері. Бұл өз кезегінде қойылған мәселелерді тез шешіп, іздеуге уақыт үнемдеу және тауарларды сақтау шығындарын айтарлықтай төмендетуге болысады – Сіз әрқашан бізге келіп, сол уақытта өзіңізге қажетті көлемде тауарлар сатып ала аласыз. 

Біз жайғана бөлек ұсыныстар жасап қоймай, дайын бизнес шешім ұсынамыз. Біздің дүкендеріміз таңғы сағат 8-ден кешкі 23:00-ге дейін жұмыс істейді, бізде демалыс болмайды – Сіз өзіңізге ыңғайлы уақытта тауар сатып алуға келе аласыз. 

Жөнге салынған бизнес-процесстер бізге барлық тауар түрлеріне төмен баға ұсыну мүмкіндігін береді. Осының арқасында тауарларды үлкен көлемде сатып алуға, компанияны басқаруды жетілдіру, логистиканың тиімділігін арттыру және шығындарды азайтуға қол жеткізуге болады.