Жаңа сатып алушы болу

METRO клиент картасын алу

Біз сіздерге ақшаны қайтарамыз!

МЕТРО-да дүйсенбі және сенбі аралығында 2000 теңгеден жоғары сомаға сауда жасаңыз және чектегі әр 2000 тг-ге біз сіздерге жексенбі күні 100 тг қайтарамыз!

 

Науқанның жалпы ережелері:  

  1. Науқанға қатысу үшін МЕТРО клиент картаңыз болуы керек (тегін беріледі). МЕТРО картаны басқа тұлғаларға беруге тыйым салынады.
  2. МЕТРО СО-да (Алматы, Астана, Павлодар, Шымкент, Өскемен, Қарағанды қалаларында) дүйсенбі және сенбі аралығында сауда жасаңыз да, чектегі әр 2000 теңгеге жексенбі күні 100 теңге (жексенбі күні келесі сауда жасауға жеңілдік алу жолымен) қайтарымды алыңыз.
  3. Науқанның әрекет ету мерзімі – әр жаңа апта дүйсенбі және жексенбі аралығы.
  4. Қайтарым сомасын жинау мерзімі – бір аптаның дүйсенбі және сенбі аралығы.
  5. Бір аптада жалпы жиналған қайтарым сомасына жеңілдік алу күні – жексенбі.
  6. Ақша қайтару жексенбі күні сауда жасауға жеңілдік беру жолымен жасалады. Қолма-қол ақша іс жүзінде берілмейді.
  7. Ақша қайтарымы тек фискалды чектің түпнұсқасын көрсеткен жағдайда ғана әрекет етеді, шот-фактура қабылданбайды.
  8. Барлық чектер клиенттің бір картасына және ағымдағы аптаның дүйсенбісі мен сенбі аралығында алынған болуы керек.
  9. Чектің ең аз сомасы бір күнде 2 000 теңгеге тең болуы керек. Егер чек сомасы 2000 теңгеден кем болса, онда ол басқа чектермен қосылмайды.
  10. Бір күнде 16 000 теңгегесауда жасалған жағдайда клиенттің бір картасына ең жоғары ақша қайтарымының сомасы – 800 теңге.
  11. Бір аптада ең жоғары қайтарым сомасы (дүйсенбі және сенбі аралығы ) -4 800 теңге.
  12. Жеңілдік алуға берілетін ақша қайтарымы ішімдік және темекі өнімдеріне жүрмейді.
  13. Тауарды қайтарған жағдайда ол чек бойынша жеңілдік есептелмейді.
  14. Науқан заңды тұлғаларға жүрмейді.

Қайтарымды қалай алуға болады:

  1. Қалаңыздың МЕТРО Сауда орталығында клиенттер кіретін жерде жексенбі күні дүйсенбі және сенбі аралығында жиналған барлық чектеріңізді көрсетіңіз.
  2. Бір аптада жинаған сомаңызға жеңілдік беретін талон алыңыз.
  3. Жеңілдік беретін талон МЕТРО картасының тікелей ұстаушысы болып табылатын клиентке, жеке тұлғасын растаушы құжатты (жеке куәлігі, жүргізуші куәлігі) көрсеткен жағдайда беріледі.
  4. Осы талонды кассада көрсетіңіз де, жексенбі күні сатып алуға жеңілдік алыңыз. Сатып алу сомасы жеңілдік сомасынан ең кемі 50 теңгеге асуы қажет.

 

Бір аптада қайтарым мөлшері:

  • 2000 теңгеден жоғары сомаға сатып алу = 100 теңге қайтарым
  • 4000 теңгеден жоғары сомаға сатып алу = 200 теңге қайтарым
  • 6000 теңгеден жоғары сомаға сатып алу = 300 теңге қайтарым
  • 8000 теңгеден жоғары сомаға сатып алу = 400 теңге қайтарым
  • 10000 теңгеден жоғары сомаға сатып алу = 500 теңге қайтарым
  • 12000 теңгеден жоғары сомаға сатып алу = 600 теңге қайтарым
  • 14000 теңгеден жоғары сомаға сатып алу = 700 теңге қайтарым
  • 16000 теңгеден жоғары сомаға сатып алу = 800 теңге қайтарым

 

1 мысал: науқанның әрекет ету мерзімі 1-ші  және 6-шы тамыз аралығы

 1 тамызда 2100 тг-ге сатып алу = 100 тг қайтарым

2 тамызда 5998 тг-ге сатып алу = 200 тг қайтарым

3 тамызда 1875 тг-ге сатып алу = 0 тг қайтарым

4 тамызда 20 000 тг-ге сатып алу = 800 тг қайтарым

5 тамызда 10 652 тг-ге сатып алу = 500 тг қайтарым

6 тамыз (жексенбі) –барлығы бір аптада сіздің қайтарым сомаңыз – 1600 тг болады.

2 мысал: науқанның өткізілу мерзімі  7-ші  және 13-ші тамыз аралығы

7 тамызда 21 000 тг-ге сатып алу = 800 тг қайтарым

8 тамызда 16 998 тг-ге сатып алу = 800 тг қайтарым

9 тамызда 18 750 тг-ге сатып алу = 800 тг қайтарым

10 тамызда 30 000 тг-ге сатып алу = 800 тг қайтарым

11 тамызда 16 652 тг-ге сатып алу = 800 тг қайтарым

12 тамызда 40 652 тг-ге сатып алу = 800 тг қайтарым

13 тамыз(жексенбі) – барлығы бір аптада сіздің қайтарым сомаңыз – 4800 тг болады.

 

*«МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС қызметкерлері, сонымен қатар олардың туыстары науқанға қатыса алмайды.   

** Науқан ережелері «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС-мен біржақты тәртіпте өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.