Жаңа сатып алушы болу

METRO клиент картасын алу

Жақсылық жасайтындардың бәріне арналған

940200_kz

Жақсылық жаса, және ол міндетті түрде саған қайта оралады


МЕТРО компаниясы  «Жақсылық жасайтындардың бәріне арналған» аттықайырымдылық акциясын өткізуде. МЕТРО-дан пластикалық пакет сатып алу арқылы, сіз қолдауға мұқтаж көптеген адамдарға көмектесесіз, өйткені сатып алынған әр пакеттен 5 теңгені МЕТРО компаниясы қайырымдылық мақсатына аударады.

Нәтижелермен бөлісуге асығамыз: қазіргі кезеңде тапсырылған тауардың жалпы құны 1 600 000 теңгеден астам соманы құрады.
Науқанға қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз және науқан әрі қарай жалғасып жатқанын ескертеміз. Сонымен қатар бүкіл Қазақстан бойынша біздің әріптестеріміздің жұмысын ерекше атап кеткіміз келеді:
- Алматы қ. – Аружан Саин басшылығындағы «ДОМ»  Қоғамдық қоры (тауар Ардагерлер кеңесіне және Онкологиялық аурулармен ауыратын баралаларды қолдау орталығына  жіберіледі). 
- Астана қ. – «Мүгедек-балалар қоғамы» Қоғамдық бірлестігі
- Қарағанды қ. – «Үміт» Мүгедектер ерікті қоғамы» Қоғамдық бірлестігі
- Шымкент қ. – «Мамандандырылған балалар үйі» МБ 
- Павлдодар қ. – «Жетім балалар мен ата-ана қамқорысыз қалған балаларға арналған №2 Песчандық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты»   
- Өскемен қ. – «Мамандандырылған балалар үйі» КМҚК 
- Ақтөбе қ. – «ҮМІТ» балалар үйі» МБ

Әлемді бірге мейірімді етейік!