Жаңа сатып алушы болу

METRO клиент картасын алу

Ақ шараптарды 10-12°С дейін салқындатып ішеді. Егер Сіз құс етінен, балықтан, теңіз өнімдерінен жасалған майлы емес тағамдарды, бұқтырылған көкөністерді немесе жеміс-жидек пастасын жеңіл тұздықпен берсеңіз, онда жіңішке ақ шараптар тағамның нәзік дәмін керемет толықтырады.   Қауын мен шабдалы реңкі бар жартылай тәтті ақ мускаттар хош иісті тағамдардың дәмін сүйемелдейді, мәселен тай асханасы, сондай-ақ әртүрлі қақталған ет өнімдері . Толық ақ шараптарды аққайнарға, бекіреге, лобстерлерге, ақ кілегей тұздықтарына, лазаньяға, ішек-қарынға берген жөн. Жұмсақ ірімшіктер ақ шараптардың көпшілігімен үйлеседі. Ақ шараптар дербес, сондай-ақ аперитивтер ретінде де қабылдауға жарамды.


Тағы деректер

  • Тиімді бағалар мен жеңілдіктер

    МЕТРО-да бір  өнімнің бірнеше данасын сатып алған кезде арнайы төмендетілген бағалар әрекет етеді. Мейрамханаларға, қонақүйлерге, барларға және басқа кәсіби клиенттерге МЕТРО шарап пен ішімдік өнімдерді көтермелеп сатып алуды және шот-фактураны бірден кассадан алуды ұсынады. Өнімдерді үлкен көлемде көтермелеп сатып алу кезінде сонымен бірге жеткізу мүмкіндігі бар.

  • Эксклюзивті өнім түрлері

    МЕТРО көтерме сауда орталықтары өнімдерді әрбір елден тікелей сатып алады. Сауда орталықтарының ірі желілерінің әлемнің 30-дан астам елінде қызмет етуінің арқасында, қазақстандық МЕТРО сауда орталықтарында Сіз  бірегей шараптар мен басқа ішімдік түрлерін өте тиімді бағалар бойынша сатып ала аласыз. Сіз бізде Қазақстанда басқа ешқандай жерде ұсынылмаған француз шараптарын, Италиядан, Молдовадан, Чилиден, Перудан, Аргентинадан, АҚШ-тан, Испаниядан, Португалиядан әкелінген шараптарды, грузин шараптарын, Орталық Азия және басқа елдерде өндірілген шараптарды таба аласыз.

  • Мамандардың көмегі

    Біздің мамандар импорт үшін тек қана ең сапалы және танымал шараптарды іріктеп алады. МЕТРО-да шетелдік және жергілікті өндірушілердің ең үздік сертификатталған шараптары ұсынылған. Сондай-ақ біздің ішімдік бойынша мамандарымыз Сізге шарап пен тағамның үйлесімінен шығатын ең пайдалы қасиеттерді алу үшін  белгілі тағамға арналған шарапты таңдауға көмектеседі. Ресторандар, барлар мен басқа кәсіби клиенттер үшін біз ағымдағы тағамдар мәзіріне арналған шарап картасын жасауға көмектесеміз.