Жаңа сатып алушы болу

METRO клиент картасын алу

Қызыл шараппен толық рахаттану үшін оны қалай ішу керектігін білген жөн. Қызыл шараптарды қыста 20°С, ал жазда —18°С дейін жылытады, және кең фужерлерде береді.  Ет тағамдарына, әсіресе қуырылған және ащы тағамдарға қызыл шараптады берген жөн. Майлы ет тағамдары (палау, кәуәп және т.б.) саперави, тибиани кавказдық шараптарымен тамаша толықтырылады. Олардың ауыз қуыратын дәмі және «жылулығы» осы тағамдардың ащы дәмін айқындай түседі. Қызыл тәтті шараптарды қышқыл ірімшікпен бірге беруге болады.  Жіңішкерек қызыл шараптар құс етімен, аңдардың етімен, тұздалған және кептелген етпен, ұннан жасалған тағамдармен, құырылған саңырауқұлақтармен және көкөністермен бірге қойылады. Басты қағида: күрделі, дәмі тойымды тағамдарға жеңіл, жіңішке шарапты қою. Және керісінше, толық шарапқа қарапайым, көп қабатты дәмдері жоқ қарапайым тағамдарды ұсыну.


Тағы деректер

  • Тиімді бағалар мен жеңілдіктер

    МЕТРО-да бір  өнімнің бірнеше данасын сатып алған кезде арнайы төмендетілген бағалар әрекет етеді. Мейрамханаларға, қонақүйлерге, барларға және басқа кәсіби клиенттерге МЕТРО шарап пен ішімдік өнімдерді көтермелеп сатып алуды және шот-фактураны бірден кассадан алуды ұсынады. Өнімдерді үлкен көлемде көтермелеп сатып алу кезінде сонымен бірге жеткізу мүмкіндігі бар.

  • Эксклюзивті өнім түрлері

    МЕТРО көтерме сауда орталықтары өнімдерді әрбір елден тікелей сатып алады. Сауда орталықтарының ірі желілерінің әлемнің 30-дан астам елінде қызмет етуінің арқасында, қазақстандық МЕТРО сауда орталықтарында Сіз  бірегей шараптар мен басқа ішімдік түрлерін өте тиімді бағалар бойынша сатып ала аласыз. Сіз бізде Қазақстанда басқа ешқандай жерде ұсынылмаған француз шараптарын, Италиядан, Молдовадан, Чилиден, Перудан, Аргентинадан, АҚШ-тан, Испаниядан, Португалиядан әкелінген шараптарды, грузин шараптарын, Орталық Азия және басқа елдерде өндірілген шараптарды таба аласыз.

  • Мамандардың көмегі

    Біздің мамандар импорт үшін тек қана ең сапалы және танымал шараптарды іріктеп алады. МЕТРО-да шетелдік және жергілікті өндірушілердің ең үздік сертификатталған шараптары ұсынылған. Сондай-ақ біздің ішімдік бойынша мамандарымыз Сізге шарап пен тағамның үйлесімінен шығатын ең пайдалы қасиеттерді алу үшін  белгілі тағамға арналған шарапты таңдауға көмектеседі. Ресторандар, барлар мен басқа кәсіби клиенттер үшін біз ағымдағы тағамдар мәзіріне арналған шарап картасын жасауға көмектесеміз.