Жаңа сатып алушы болу

METRO клиент картасын алу

Ашық қызыл шарапты берудің оңтайлы температурасы - 8-12 °C. Ашық қызыл шарап шөлді басады, және кез-келген тағаммен беруге болады. Құлпынай және бүлдірген жидектері дәмінің реңктері бар жіңішке ашық қызыл шараптар пикникте грильде құырылған етке немесе пиццаға беруге  лайық .  Жартылай тәтті ашық қызыл шараптар мексикалық, тайлық, үнді асханаларының хош иісті тағамдарымен, қақталған етпен және кәуәппен  тамаша үйлесімділік табады. Аса майлы тағамдармен, ақсерке, қуырылған етпен және көкөністермен, крем ірімшіктерімен ваниль, бұрыш, піскен жидек пен шие сарыны аңқыған құрғақ және толық ашық қызыл шараптарды ішкен жөн.  



Тағы деректер

  • Тиімді бағалар мен жеңілдіктер

    МЕТРО-да бір  өнімнің бірнеше данасын сатып алған кезде арнайы төмендетілген бағалар әрекет етеді. Мейрамханаларға, қонақүйлерге, барларға және басқа кәсіби клиенттерге МЕТРО шарап пен ішімдік өнімдерді көтермелеп сатып алуды және шот-фактураны бірден кассадан алуды ұсынады. Өнімдерді үлкен көлемде көтермелеп сатып алу кезінде сонымен бірге жеткізу мүмкіндігі бар.

  • Эксклюзивті өнім түрлері

    МЕТРО көтерме сауда орталықтары өнімдерді әрбір елден тікелей сатып алады. Сауда орталықтарының ірі желілерінің әлемнің 30-дан астам елінде қызмет етуінің арқасында, қазақстандық МЕТРО сауда орталықтарында Сіз  бірегей шараптар мен басқа ішімдік түрлерін өте тиімді бағалар бойынша сатып ала аласыз. Сіз бізде Қазақстанда басқа ешқандай жерде ұсынылмаған француз шараптарын, Италиядан, Молдовадан, Чилиден, Перудан, Аргентинадан, АҚШ-тан, Испаниядан, Португалиядан әкелінген шараптарды, грузин шараптарын, Орталық Азия және басқа елдерде өндірілген шараптарды таба аласыз.

  • Мамандардың көмегі

    Біздің мамандар импорт үшін тек қана ең сапалы және танымал шараптарды іріктеп алады. МЕТРО-да шетелдік және жергілікті өндірушілердің ең үздік сертификатталған шараптары ұсынылған. Сондай-ақ біздің ішімдік бойынша мамандарымыз Сізге шарап пен тағамның үйлесімінен шығатын ең пайдалы қасиеттерді алу үшін  белгілі тағамға арналған шарапты таңдауға көмектеседі. Ресторандар, барлар мен басқа кәсіби клиенттер үшін біз ағымдағы тағамдар мәзіріне арналған шарап картасын жасауға көмектесеміз.