Жаңа сатып алушы болу

METRO клиент картасын алу

Шымырлайтын шараптар 6-8 °С салқындатылып беріледі, берер алдында мұз салынған шелекте алқындатуға болады. Шымырлайтын шараптарды биік және жіңішке қызғалдақ типті фужерлерге құяды. Шымырлайтын шарапты аперитив ретінде қолданған жөн. Мұндай жағдайда асқазан қышқылдан зардап шекпен үшін оған жеңіл тағамдарды, мәселен құрғақ тәтті емес печеньені беру қажет. Шымырлайтын шараптар тұздалған тағамдармен және жеңіл тамақтармен, мәселен уылдырықпен тамаша үйлеседі. Шымырлаған шараптың бөтелкесін дұрыс ашу маңызды – оны абайлап, көбігін ағызып шарқылдатпай ашқан дұрыс. Шарапты шарқылдатып ашу салтанатты болғанымен, оның дәмдік қасиеттеріне айтарлықтай кері әсерін тигізеді. 

Өнім түрлері

  • Шампан

    champagne-small

    Ең ежелгі және ең танымал шарап-шампан. Бұл шарап Шампанияда XVII ғасырдың ортасында пайда болды, және патшалардың ықыласына бірден бөленді. Қазіргі уақытта Еуропа заңнамасы бойынша Шампанияда ерекше рецепт бойынша жасалған шараптарға ғана шампан атауы беріледі. Шампан шараптары әдетте құрғақ және цитрус, шабдалы, ақ шие, қуырылған нан және кей-кезде жаңғақ реңкі бар.

  • Просекко

    prosecco-small

    Асти сияқты просекко да шампанға қарағанда тәттірек. Осы шымырлайтын шарап қақталған етпен, қауынға толтырылған прошутто сияқты жеміс-жидектерден жасалған жеңіл тағамдармен және кеспе-сорпа және суши сияқты азия асханасының майлы емес тағамдарымен беріледі. Сондай-ақ просекко горгонзола, чеддар сияқты ащы және хош иісті ірімшіктермен тамаша үйлеседі.

  • Aсти

    Асти

    Шампанға қарағанда тәттірек және ішімдік құрамы азырақ, итальяндық асти шарабы шымырлайтын шарап түріне жатады. Асти провинциясында ақ мускат жүзімінен гүл, алма, шабдалы, апельсин хош иістері мен дәмдерінің реңкі бар хош иісті шымырлайтын шарап өндіріледі.



Тағы деректер

  • Тиімді бағалар мен жеңілдіктер

    METRO-да бір  өнімнің бірнеше данасын сатып алған кезде арнайы төмендетілген бағалар әрекет етеді. Мейрамханаларға, қонақүйлерге, барларға және басқа кәсіби клиенттерге METRO шарап пен ішімдік өнімдерді көтермелеп сатып алуды және шот-фактураны бірден кассадан алуды ұсынады. Өнімдерді үлкен көлемде көтермелеп сатып алу кезінде сонымен бірге жеткізу мүмкіндігі бар.

  • Эксклюзивті өнім түрлері

    METRO көтерме сауда орталықтары өнімдерді әрбір елден тікелей сатып алады. Сауда орталықтарының ірі желілерінің әлемнің 30-дан астам елінде қызмет етуінің арқасында, қазақстандық METRO сауда орталықтарында Сіз  бірегей шараптар мен басқа ішімдік түрлерін өте тиімді бағалар бойынша сатып ала аласыз. Сіз бізде Қазақстанда басқа ешқандай жерде ұсынылмаған француз шараптарын, Италиядан, Молдовадан, Чилиден, Перудан, Аргентинадан, АҚШ-тан, Испаниядан, Португалиядан әкелінген шараптарды, грузин шараптарын, Орталық Азия және басқа елдерде өндірілген шараптарды таба аласыз.

  • Мамандардың көмегі

    Біздің мамандар импорт үшін тек қана ең сапалы және танымал шараптарды іріктеп алады. METRO-да шетелдік және жергілікті өндірушілердің ең үздік сертификатталған шараптары ұсынылған. Сондай-ақ біздің ішімдік бойынша мамандарымыз Сізге шарап пен тағамның үйлесімінен шығатын ең пайдалы қасиеттерді алу үшін  белгілі тағамға арналған шарапты таңдауға көмектеседі. Ресторандар, барлар мен басқа кәсіби клиенттер үшін біз ағымдағы тағамдар мәзіріне арналған шарап картасын жасауға көмектесеміз.


METRO-ның меншікті брендтері

METRO-ның меншікті брендтері туралы көбірек білу