Жаңа сатып алушы болу

METRO клиент картасын алу

Шампанға қарағанда тәттірек және ішімдік құрамы азырақ, итальяндық  асти шарабы шымырлайтын шарап түріне жатады. Асти провинциясында ақ мускат жүзімінен гүл, алма, шабдалы, апельсин хош иістері мен дәмдерінің реңкі бар хош иісті шымырлайтын шарап өндіріледі.

Асти шымырлайтын шараптардың көпшлігі сияқты мұз салынған шелекте 6-8°С дейін салқындатылып беріледі.  Асти шампанға қарағанда әлдеқайда тәтті болғандықтан ол десерттермен, жеміс-жидектермен жақсы үйлеседі, осы қасиеттері үшін оны  әйелдер өте жақсы көреді. Асти күні бойы ішетін сусын ретінде де тамаша (all-day-drink), Сіз өз-өзіңізбен тыныштықта күніңізді өткізгіңіз келсе, онда осы сусын сіздің  тамаша серіктесіңіз бола алады. 



Тағы деректер

  • Тиімді бағалар мен жеңілдіктер

    METRO-да бір  өнімнің бірнеше данасын сатып алған кезде арнайы төмендетілген бағалар әрекет етеді. Мейрамханаларға, қонақүйлерге, барларға және басқа кәсіби клиенттерге METRO шарап пен ішімдік өнімдерді көтермелеп сатып алуды және шот-фактураны бірден кассадан алуды ұсынады. Өнімдерді үлкен көлемде көтермелеп сатып алу кезінде сонымен бірге жеткізу мүмкіндігі бар.

  • Эксклюзивті өнім түрлері

    METRO көтерме сауда орталықтары өнімдерді әрбір елден тікелей сатып алады. Сауда орталықтарының ірі желілерінің әлемнің 30-дан астам елінде қызмет етуінің арқасында, қазақстандық METRO сауда орталықтарында Сіз  бірегей шараптар мен басқа ішімдік түрлерін өте тиімді бағалар бойынша сатып ала аласыз. Сіз бізде Қазақстанда басқа ешқандай жерде ұсынылмаған француз шараптарын, Италиядан, Молдовадан, Чилиден, Перудан, Аргентинадан, АҚШ-тан, Испаниядан, Португалиядан әкелінген шараптарды, грузин шараптарын, Орталық Азия және басқа елдерде өндірілген шараптарды таба аласыз.

  • Мамандардың көмегі

    Біздің мамандар импорт үшін тек қана ең сапалы және танымал шараптарды іріктеп алады. METRO-да шетелдік және жергілікті өндірушілердің ең үздік сертификатталған шараптары ұсынылған. Сондай-ақ біздің ішімдік бойынша мамандарымыз Сізге шарап пен тағамның үйлесімінен шығатын ең пайдалы қасиеттерді алу үшін  белгілі тағамға арналған шарапты таңдауға көмектеседі. Ресторандар, барлар мен басқа кәсіби клиенттер үшін біз ағымдағы тағамдар мәзіріне арналған шарап картасын жасауға көмектесеміз.