Жаңа сатып алушы болу

METRO клиент картасын алу

Prosecco – италияның оңтүстік-шығысындағы Венето аймағынан әкелінген ақ шымырлайтын шарап.    Просекко шампан мен астиден бөлек әдіспен өндіріледі, шараптағы көмірқышқыл газының көпіршіктері бөтелкеде емес, қысымы аз үлкен резервуарда сақталады. Сндықтан  просекко аз шымырлайды, ондағы көпіршіктер де азырақ.   Просеко шараптарының дәмін балдай тәтті қауын, алмұрт, қаймақ дәмінің реңтеріне бай, олардың ішіндегілерінің дәмінде тропикалық жеміс-жидектердің, банандардың, орман жаңғағының, ваниль мен балдың  хош иісін де аңғаруға болады.    

Асти сияқты просекко да шампанға қарағанда тәттірек. Осы шымырлайтын шарап қақталған етпен, қауынға толтырылған прошутто сияқты жеміс-жидектерден жасалған жеңіл тағамдармен және кеспе-сорпа және суши сияқты азия  асханасының майлы емес тағамдарымен беріледі.  Сондай-ақ просекко горгонзола, чеддар сияқты  ащы және хош иісті  ірімшіктермен тамаша үйлеседі.



Тағы деректер

  • Тиімді бағалар мен жеңілдіктер

    METRO-да бір  өнімнің бірнеше данасын сатып алған кезде арнайы төмендетілген бағалар әрекет етеді. Мейрамханаларға, қонақүйлерге, барларға және басқа кәсіби клиенттерге METRO шарап пен ішімдік өнімдерді көтермелеп сатып алуды және шот-фактураны бірден кассадан алуды ұсынады. Өнімдерді үлкен көлемде көтермелеп сатып алу кезінде сонымен бірге жеткізу мүмкіндігі бар.

  • Эксклюзивті өнім түрлері

    METRO көтерме сауда орталықтары өнімдерді әрбір елден тікелей сатып алады. Сауда орталықтарының ірі желілерінің әлемнің 30-дан астам елінде қызмет етуінің арқасында, қазақстандық METRO сауда орталықтарында Сіз  бірегей шараптар мен басқа ішімдік түрлерін өте тиімді бағалар бойынша сатып ала аласыз. Сіз бізде Қазақстанда басқа ешқандай жерде ұсынылмаған француз шараптарын, Италиядан, Молдовадан, Чилиден, Перудан, Аргентинадан, АҚШ-тан, Испаниядан, Португалиядан әкелінген шараптарды, грузин шараптарын, Орталық Азия және басқа елдерде өндірілген шараптарды таба аласыз.

  • Мамандардың көмегі

    Біздің мамандар импорт үшін тек қана ең сапалы және танымал шараптарды іріктеп алады. METRO-да шетелдік және жергілікті өндірушілердің ең үздік сертификатталған шараптары ұсынылған. Сондай-ақ біздің ішімдік бойынша мамандарымыз Сізге шарап пен тағамның үйлесімінен шығатын ең пайдалы қасиеттерді алу үшін  белгілі тағамға арналған шарапты таңдауға көмектеседі. Ресторандар, барлар мен басқа кәсіби клиенттер үшін біз ағымдағы тағамдар мәзіріне арналған шарап картасын жасауға көмектесеміз.