Жаңа сатып алушы болу

METRO клиент картасын алу

Шымырлайтын шараптар 6-8 °С салқындатылып беріледі, берер алдында мұз салынған шелекте салқындатуға болады. Шымырлайтын шараптарды биік және жіңішке қызғалдақ типті фужерлерге құяды. Шымырлайтын шараптар салаттармен, құс етімен, теңіз өнімдерімен, балықпен, паштеттермен, жұмсақ ірімшікпен, зәйтүнмен және уылдырықпен тамаша үйлеседі.
Шампан тұздалған тағамдармен және жеңіл тамақтармен, фри картобымен де үйлеседі, мәселен уылдырықпен тамаша үйлеседі. Тәттірек шампанды суфлеге, бисквиттерге және жеміс-жидектерге береді. Шампан, шымырлайтын шараптар жаңғақпен, цитрустармен және сүт шоколадымен мүлдем үйлеспейді.


Тағы деректер

  • Тиімді бағалар мен жеңілдіктер

    METRO-да бір  өнімнің бірнеше данасын сатып алған кезде арнайы төмендетілген бағалар әрекет етеді. Мейрамханаларға, қонақүйлерге, барларға және басқа кәсіби клиенттерге METRO шарап пен ішімдік өнімдерді көтермелеп сатып алуды және шот-фактураны бірден кассадан алуды ұсынады. Өнімдерді үлкен көлемде көтермелеп сатып алу кезінде сонымен бірге жеткізу мүмкіндігі бар.

  • Эксклюзивті өнім түрлері

    METRO көтерме сауда орталықтары өнімдерді әрбір елден тікелей сатып алады. Сауда орталықтарының ірі желілерінің әлемнің 30-дан астам елінде қызмет етуінің арқасында, қазақстандық METRO сауда орталықтарында Сіз  бірегей шараптар мен басқа ішімдік түрлерін өте тиімді бағалар бойынша сатып ала аласыз. Сіз бізде Қазақстанда басқа ешқандай жерде ұсынылмаған француз шараптарын, Италиядан, Молдовадан, Чилиден, Перудан, Аргентинадан, АҚШ-тан, Испаниядан, Португалиядан әкелінген шараптарды, грузин шараптарын, Орталық Азия және басқа елдерде өндірілген шараптарды таба аласыз.

  • Мамандардың көмегі

    Біздің мамандар импорт үшін тек қана ең сапалы және танымал шараптарды іріктеп алады. METRO-да шетелдік және жергілікті өндірушілердің ең үздік сертификатталған шараптары ұсынылған. Сондай-ақ біздің ішімдік бойынша мамандарымыз Сізге шарап пен тағамның үйлесімінен шығатын ең пайдалы қасиеттерді алу үшін  белгілі тағамға арналған шарапты таңдауға көмектеседі. Ресторандар, барлар мен басқа кәсіби клиенттер үшін біз ағымдағы тағамдар мәзіріне арналған шарап картасын жасауға көмектесеміз.